Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Miss Qazaqstan: енді сұлулық байқауына Айдана да, Айдар да қатыса алады…

20.06.2025, 9:40 96

Қысқасы, Miss Qazaqstan енді трансгендерлерге де есік ашып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысу үшін енді әйел болу шарт емес — әйел боп көрінсең болды. Байқау директоры Айжан Рузаеваның айтуынша, бастысы – харизма мен сенімділік. Ал кім екенін – төлқұжат емес, подиум шешетін заман.

«Бұл — таңдау еркіндігі. Егер plus-size ару келіп, жарқын болмысы мен сымбатын көрсете алса — біз оны міндетті түрде қарастырамыз. Қазір ешкім 90-60-90 стандартына байланбайды», – дейді ол.

Финал да ерекше өтеді: метро ішінде, түнгі 11-де. Қатысушылар сахнаға емес, жерасты өткелге түседі – тек антураж үшін емес, жолаушыларға кедергі келтірмес үшін. Яғни, бұрын сұлулық көктен түсетін еді, енді жер астынан шығады.

Жалпы айтқанда, енді Miss Qazaqstan атағын алу үшін гендер – кедергі емес. Бастысы – сен өзіңе сенсең болды. Қалғанын грим жасап береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: