Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Меморандумға қол қойды

13.08.2020, 10:00 369

HALYQLINE.KZ 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай, «Жастар ресустық орталығы» ғимаратында шара өтті. Жиынға БАҚ өкілдері, еріктілер, жастар ұйымының жетекшілері қатысты.

Орталықтың директоры Бауыржан Қайырбекұлы Халықаралық жастар күнімен құттықтап, өңір жастарына қатысты күнделікті ақпараттар жарияланатын «Syr zhastary» сайтымен таныстырып өтті. Одан соң, IT PARK кабинетіy көрсетіп «қазіргі таңда қала тұрғындарынан істен шыққан компьютерлерді қабылдап жатырмыз, оларды IT мамандары жөндеп, бір жұмыс істейтін компьютер шығарып, оқу жылына дейін тұрмысы төмен отбасыларға береміз, – деді орталық директоры.

Шара соңында «Жастар ресустық орталығы» КММ-нің директоры Мастеков Бауыржан Қайырбекұлы, Қызылорда қалалық пробация бастығы әділет капитаны Ернияз Жеңіс Бақытұлы пробация есебіндегі 29 жасқа дейінгі жастармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңес беру, жастарға ой салу және жасаған қылмысты қайталамауына септігін тигізу мақсатында ынтымақтастық меморандумға қол қойды.

«Алдағы уақытта меморандум аясында пробация есебінде тұрған азаматтарды спорттық шараларға тартып, психологиялық көмек көрсетіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыратын боламыз», – деді қалалық пробация қызметінің бастығы, әділет капитаны Ернияз Жеңіс.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: