Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Күдікті ретінде жасөспірім ұсталды

03.02.2020, 13:18 531

Қызылорда қаласында кәмелет жасына толмаған бала кісі өліміне қатысты деп танылуда. 2 ақпан күні Қызылорда қаласында болған адам өлтіру дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99- бабының 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде. Мәліметтер бойынша, болған оқиға құрбаны кәмелет жасына толмаған азамат екені анықталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайлары анықталуда.

Күдікті ретінде кəмелетке толмаған тұлға ұсталып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды. Қалған мəліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының («Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу»)  талаптарына сəйкес жария етілмейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: