HALYQLINE.KZ – Бүгін Қызылорда облысында жаңадан коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Жақсылық Абдусаметов хабарлады.
«Облыста COVID-19 вирусы бойынша тіркелгені – 28 науқас. Сондай-ақ, қарым-қатынаста болған 715 адам анықталды. Оның ішінде, 246-сы карантинде болса, 469-ы үй жағдайында бақылауда. Жайдайлары қанағаттанарлық, емдерін жалғастыруда»,-деді сала басшысы.
Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиялық қызметтер олардың тұрғылықты және барған жерлері бойынша дезинфекция жүргізді.
Құрметті облыс тұрғындары, карантин ережелерін сақтап, сақ болуға шақырамыз.
#Үйдеболыңыз
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!