Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Комментатор экс-депутатқа жауап қатты

15.10.2021, 16:00 310

HALYQLINE.KZ «QazSport» комментаторы Ербол Каиров футбол комментаторларын сынға алған Мәжілістің экс-депутаты Магеррам Магеррамовке жауап берді. Бұл туралы журналист Жандос Байділдә хабарлады.

Ербол Каиров, комментатор:

«Біз – тыныш қана жұмысын істеп жүрген, «Пекин Паластан» нөмір, миллион теңге жалақы сұрамайтын, саясатқа араласпайтын спорт комментаторымыз. Әр эфир үшін 8-12 мың теңге аралығында ақша аламыз. Айына 2 немесе 6-7 эфир жүргізуіміз мүмкін. Комментаторлардың кейбірі отбасын асырау үшін эфирден шыққан соң таксилетіп ақша табады. Бізге комментатор не керек деуіңіз мүмкін. Бірақ, өз тарапымнан айтар болсам, Сіз Мәжілістегі жайлы креслода отырып не бітірдіңіз? Астананың атауын өзгертіп, ескерткіш қою үшін дауыс бергеннен басқа не істедіңіз? Сол үшін біздің салығымыздан ақша жұмсап, қызметтік пәтер берудің қисыны бар ма еді? Әркім өз ісімен айналыссын. Футболды түсінбейтін болсаңыз, өтініш, ол үшін бас ауыртпаңыз. Елдің еңсесін көтеріп, жағдайын түзеу қолыңыздан келмесе, футболды да өрге сүйреуге шамаңыз жетеді деп ойламаймын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: