Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көші-қон заңнамасындағы өзгерістер

06.02.2020, 12:43 422

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің нұсқауына сәйкес, Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімінің көші-қон қызметкерлерімен Қызылорда станциясы теміржол вокзалының ұжымына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысына өзгерістер бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасының және Үндістан Республикасының азаматтары үшін 2020 жылғы 31 желтоқсандағы 23.59 сағатқа дейін Қазақстан Республикасына кірудің, онда болудың, одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимі қолданылады.

Осы тармақта көзделген жетпіс екі сағаттық визасыз режим авиакомпаниялармен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы үшінші елдерге транзитпен өтетін ҚХР және ҮР азаматтарына оларда авиакомпаниялардың жарамды авиабилеттері болған жағдайда қолданылады.

Жетпіс екі сағаттық визасыз режимді пайдаланатын ҚХР және ҮР азаматтарының паспортарына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өткізу пункттерінде мөртаңбалар қойып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту уақытын көрсетеді.

Авиакомпаниялар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне транзитпен өтетін және жетпіс екі сағаттық визасыз режимді пайдаланатын ҚХР және ҮР азаматтарының тізімін рейс Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайларына келгенге дейін береді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан үшінші елдерге шығу үшін өз рейстеріне келмеген, сол сияқты Қазақстан Республикасында жетпіс екі сағаттық визасыз болу режимін бұзған ҚХР және ҮР азаматтарын іздестіру іс-шараларын жүргізуге жәрдемдеседі.

ҚХР және ҮР азаматтары осы тармақта көзделген жетпіс екі сағаттық визасыз режимді бұзған жағдайда кету бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін иммигранттар төлейді. Аталған адамдардың қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған кезде көрсетілген адамдардың кетуін оларды жеткізген авиакомпаниялар өз қаражаты есебінен ұйымдастырады.

Нұрлан Қыдырәліұлы,

Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімінің

көші-қон қызметі тобының инспекторы,

полиция майоры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: