Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көші-қон заңнамасын бұзғандар жазаланады

21.04.2020, 11:11 1632

  HALYQLINE.KZ –|  Соңғы жылдары елімізде көші-қон заңнамасын бұзу деректері негізінен еңбек мигранттарының арасында байқалады. Осы орайда, түсіндірме жұмыстарына баса назар аударған жөн.

Көші-қон заңнамасын бұзған азаматтарға әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген. Шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ азаматтар және оларды қабылдаушы жеке немесе заңды тұлғалар, жұмыс беруші, жеке, заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасына қайшы келетін заңбұзушылықтарға жол берсе, Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 01 қаңтарынан күшіне енген «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне немесе Қылмыстық кодексінде көрсетілген баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде көші-қон заңнамасын бұзғандарға әкімшілік жауапкершіліктер көзделген. Мәселен, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамауы, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы – он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жiберуге алып келеді.

Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның еліміздің заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетпеуінен көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы үш тәулік ішінде – ескерту жасауға алып келеді. Екіншіден, үш тәуліктен астам бес тәулік өткенге дейін – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. Үшіншіден, бес тәуліктен астам он тәулік өткенге дейін – он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жiберуге алып келеді.

Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғынжай беру не белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасынан кетуден жалтару –жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сонымен қатар, жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган беретін, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалары немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсаттары жоқ шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы – жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мейрамбек ЕСБАЕВ,

Байқоңыр қалалық соты кеңсесінің аға сот приставы

Сурет интернеттен алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: