Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көрме-байқауға қатысушыларға арналған семинар өтеді

22.05.2023, 15:40 212

26 мамыр сағат 10.00-де Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына қатысуға ниетті кәсіпкерлерге арналған оқыту семинары өтеді.

Семинарда спикерлер кәсіпкерлерге қос байқауға қатысу үшін қойылатын талаптар, өңірлік және республикалық байқаулардың ерекшелігі, жеңімпаздарға берілетін басымдықтар т.б. жөнінде кең көлемде ақпарат береді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауы және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын өткізу тәртібі мен критерийлері бойынша бағалау әдістемесі түсіндіріледі.

Айта кету керек, бүгінге дейін өңірден «Алтын сапа» сыйлығына 3, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына 46 кәсіпкер өтінім берді. Өтінімдер әлі де қабылданып жатыр. Сұрақтар болса Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына 8 /7242/ 40-09-81 байланыс нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Кәсіпкерлер палатасының мекенжайы: Қызылорда қаласы, Қорқыт ата 123, «Бизнеске арналған үкімет» ғимаратының 3-қабаты.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: