Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көктемгі егіс жұмыстары басталды

26.04.2021, 10:00 354

HALYQLINE.KZ Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков Ақжар ауылдық округіндегі «Ораз ахун ЛТД» ЖШС шаруашылығындағы күріш егу алқабында болып алғашқы дән себу рәсіміне қатысты.

Шаруа қожалығында әртараптандыру бағытында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында жаңа сорттарды пайдалану мен ауыл шаруашылығы дақылдарын суландыруда су үнемдеу технологияларын қолдану мәселелері қарастырылған.

Санитарлық шараларды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылған кездесуге ауыл ақсақалдары қатысты.

Кездесуде аудан әкімі Мұса Оспанұлы «Ауданымыз – ауыл шаруашылығына негізделген аймақ. Осы ретте аудан көлемінде агроөнеркәсіпті дамыту барысында егін шаруашылығында әртараптандыруды жүзеге асыруымыз қажет. Сонымен бірге мал азықтық, картоп көкөніс сияқты бақша дақылдарының өнімділігін жоғарылату және егін шаруашылығымен қатар мал шаруашылығына да басымдық беруіміз керек. Сондай-ақ ауыл шаруашылық саласына жас кадрларды да дайындауды жоспарлау қажет »,- деді.

Сапар барысында аудан басшысы Ақжар ауылдық округіндегі жасыл белдеу мен агроаймақтардың жұмысымен танысты.

Бүгінде «Ораз ахун ЛТД» шаруашылығының бастамасымен ауылдық елді мекен маңында 2 гектар аумаққа «Алма бақтың» негізі қаланды және жасыл белдеу қалыптастыру мақсатында 2000-ға жуық жас ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары атқарылған.

Кездесуде ауыл ақсақалдары басшылықта жүрген азаматтарға ризашылықтарын білдіріп, ауылды әрі қарай дамыту бағатындағы кеңестерімен бөлісті.

Ауыл тұрғындарымен кездесуде аудан әкімі коронавирус инфекциясымен қарсы күресте үнемі сақтық шараларын қатаң сақтауды, жауапты басшыларға санитарлық карантиндік ережелерді сақтап жағдайды үнемі бақылауда ұстап отыруды тапсырды.

Ауылдық елді мекендегі тұрғындармен кездесуден кейін аудан әкімі «Ораз ахун ЛТД» шаруашылығының және «Ақжар» шаруа қожалығының көктемгі дала жұмыстарының барысын арнайы аралап көрді.

Ауылдық округтегі сапар қорытындысында аудан басшысы алдағы атқарылатын жұмыстарды саралап тиісті сала басшыларына нақты тапсырмаларды жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: