Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Карантиндік режим және кейбір саладағы өзгерістер

14.07.2021, 11:30 279

HALYQLINE.KZ  Қазіргі таңда жер бетін жаулаған коронавирус инфекциясы әлемді дүр сілкіндіріп, көптеген қалыпты жағдайдың өзгеруіне әкеліп соқтыруда. Күнделікті өміріміз де бұрыңғыдай емес, әлдебір өзгеріс пен жаңа шектеулер күн сайын енгізілуде. Қазірдің өзінде миллиондаған адам үйреншікті өмір салтынан айырылып, біреулері өз саласын әрі қарай дөңгелетсе, кейбір адамдар өз мамандығының өнімсіздігінен зардап шегіп, басқа жолмен күн көруде. Ал осы күнде карантиннен кейін мамандықтардың сұраныстары тұрақты болмай, біреуі күрт өссе, екіншісі құлдырап тұр. Бүгінгі кезекті мақаламызда «карантиндік режимнен кейін қай салаларға сұраныс артты?» деген сұраққа жауап береміз.

Барлығымызға мәлім, пандемия басталғалы бері мейрамхана, ойын-сауық орталықтары, әуе компаниялары салалары зардап шегіп, біраз уақытқа жұмысын тоқтатқан еді. Осының нәтижесінде аталмыш салалардың дамуы күрт тоқтап, құлдырай бастады. Пандемия әсерінен орташа есеппен алғанда компаниялардың 67%-ы қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге жіберген. Ал компаниялардың 25%-ы орташа есеппен алғанда, 34 пайызына ақылы еңбек демалысын берген. Осылайша, қызметкерлердің үштен бірінің жұмыс уақыты қысқарып, жұмыссыз қалған. Осылардан қорытындылай келе, пандемиядан бері оффлайн емес, онлайн жұмыстардың саны артқанын біле аламыз.

Тағы да байқауға тұрарлық нәрсе – кейбір мамандықтарға деген құрметтің, құндылығының артуы. Бұрыннан бері, дәрігер, мұғалім мамандықтары киелі мансап болып саналғанымен, көп адамдар сол салалардың маңыздылығын, жалпы айтқанда бағасын білмейтін. Ал осы карантиндік режим басталғалы бері ел-жұрт маңызды жұмыс істеуші медицина мамандары және педагогтар екенін түсініп, ерекше құрметтей бастады. Осындай қиыншылық жағдайдан кейін де кейбір салалардың бағалары көтеріліп, маңыздылықтары айқындала бастады.

Тағы да аңғарарлық нәрсе – адамдардың интернет жүйесіне, онлайн сату, сатып алу жүйелеріне сенімділіктері артуы. Пандемия басталмай тұрып, адамдар өзіне керек жарақтарын өзі барып, өз көзімен алып, былайша айтқанда көзбе-көз сауда жасайтын. Ал індет басталып, көп нәрселерге шектеу қойылғаннан кейін адамдардың  интернет жүйесіне қызығушылығы артып, онлайн жүйе арқылы сауда-саттық жасауды, оның тиімділіктерін біле бастады. Осы пандемиядан кейін де адамзаттың жаңа технологияға көзі ашылып, жаңа заман талабымен өмір сүре бастауына бір қадам болды.

Жалпы, қорытындылай келе, осы пандемияның өзі де бір адамзат баласына үлкен сынақ болды. Күндегі үйреншікті өмірімізді толықтай өзгертіп, жаңа нәрселерге алып келіп, көптеген адамдардың өмірге көзқарастарын, заман талабына байланысты өмір сүруін, санасын өзгертті. Кейбір адамдардың өмірі жақсы жаққа өзгеріп, өз жолдарын тауып кетіп жатса, кей адамдар өзінің күнделікті тұрақты өмірінен, табыс көздерінен айырылуда. Не де болса да бұл алпауыт дерттің соңы ешқайсымызға оңайға соққан жоқ. Мүмкін, бұл түбегейлі өзгерістің артында да бізді үлкен жаңалықтар, жағдайлар күтіп, бізді жаңа өмірге, дәрежеге дайындап жатқан шығар. Ал осы жағдайлар барысында көбірек өзгеріске ұшырап, жаңа көзқарасқа әкелгену нәрселердің бірі мамандық салалары болды. Әрине, бұл саланың мамандықтарының бәрі қарқын өсіп, оның жақсы жақтары көп болды деп айта алмаймын. Кейбір мамандықтар да жойылудың шетіне тұрды, тіпті, кезінде жанданған мамандықтардың өзіне де сұраныс азайып, өзінің құндылығын жоғалтты. Алайда кейбір салалардың да бақтары жанып, кезінде көрінбей жүрген мансаптардың маңыздылығы жоғарылап, жаңа дәрежеге көшті. «Әр нәрсенің жақсы мен жаман жағы болады» демекші, бұл саланың да позитивті жақтары да – осы. Бірақ, негативті жақтарының да орны толып, пандемиядан аман-есен шыққан соң барлығы орнына қайта келіп, жаңадан енген өзгерістермен бірге бір-бірін толықтырып, бұл сала да жанданады деген үміттемін. Бұл індеттің жаман салдарын айта бергенше, жағымды жақтарын да ұмытпай, адамзат баласына тигізген жақсы әсерлерін де айта жүрейік.

Құралай НАЙЗАБАЙ,

Сүлейман Демирел атындағы университетінің 1-курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: