Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкерлердің қатысуымен кездесу өтті

18.06.2021, 10:30 119 0

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен департамент басшысы Қожахметов Қанат Оспанұлы, облыстық мәслихаттың хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы, облыс әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Тілешев Нұрлан Шаймерденұлы және «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлы Жалағаш, Сырдария аудандарында іс-сапарда болды.

Департамент басшысы сапар барысында бірінші кезекте аудандарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша және жергілікті әкімдік тарапынан кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан көмек мәселелерін кеңінен талқылау мақсатында аудан активінің және кәсіпкерлерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Шара барысында Қанат Оспанұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарының күшейтілгенін, ол үшін бірқатар маңызды заңнамалық шаралар қабылданғанын атап өтіп, қатысушыларды Агенттіктің кәсіпкерлер тап болатын барлық процестерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу арқылы бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға бағытталған «Protecting business and investments» (бұдан әрі – PBI) жобасы жайлы ақпараттандырды.

Сонымен қатар, Агенттіңтің бастамасымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және қоғам өкілдерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау саласына кешенді сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау басталғаны туралы хабардар етіп, аталған талдау аймағымызда шілде айында басталатынын назарға ұсынып, жемқорлық көріністерін жою мақсатында барлық қатысушыларды талдауға қатысуға шақырды.

Кездесулер барысында аудан әкімідері өңірде сыбайлас жемқорлық профилактикасы бойынша атқарылып жатқан шаралары жөнінде баяндамасы тыңдалып, қатысушылармен аудандағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы айтылған пікірлері талқыланды.

Сапар барысында азаматтарға қолайлы жағдай жасау, әл-ауқатын арттырудың негізгі шарты болып табылатынын Open space форматында жұмыс істейтін сервистік әкімдіктің қызметімен танысты.

Департамент басшысы аудан әкімдіктерінде аудан тұрғындарын қабылдап, сауалдарына жауаптар берді.

Қоғамдық қабылдау барысында кәсіпкерлікке бөлініп жатқан субсидия мен грантты алу бағыттарында ашықтықты қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер тарапынан айтылған ұсыныстары назарға алынса, ал кей азаматтардың сауалдары бойынша құқықтық кеңестер берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: