Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Игі істер жалғасын тапты

10.04.2023, 10:40 195

HALYQLINE.KZ Сәуір айында аудан спортында бірқатар қуанышты жаңалық болуда. Сол жаңалықтардың бірі ретінде Шиелі кентінде ашылған «Барыс» спорт кешенінің ашылуын айтуымызға болады.

Жеке кәсіпкер Жанболат Серікболсынұлының демеушілігімен ашылған спорт кешенінде 320-дан астам бала спорттың 6 түрінен тәлім алуда. Атап айтарлығы үйірмелердің барлығы балалар үшін толықтай тегін қызмет етеді.

«Игі істің басына – жақсы келер қасына» демекші, спорт кешенінің ашылу салтанатына аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы да арнайы қатысып, жеке кәсіпкер Жанболат Серікболсынұлына шынайы алғысын білдірді. Сондай-ақ, спорт кешенінде тәлім алатын жас жеткіншектер болашақта әлем чемпиондары атансын деген ақжарма тілегін білдірді.

Мұнан соң, аудан басшысы Жанболат Серікболсынұлының әкесі Серікболсын Жұртшыбайұлын еске алуға арналған қазақша күрестен жасөспірімдер арасындағы турнирдің финалдық кездесулерін тамашалап, жеңімпаздарға арнайы жүлделер табыстады.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: