Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халықтың жағдайы оңалса, еліміз одан әрі дами бермек

06.09.2022, 9:30 404

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауы халықтың арасында кеңінен талқыланып, біраз насихатталуда. Шынында да, Жолдауда барлық саладағы көптеген мәселелер қамтылды. Дегенмен, аталған мәселелер айтылып қана қоймай, нақты жұмыстар орындалуы керек. Бұл ретте Президентіміз ең бірінші халық үңіне құлақ асатын мемлекет құру керектігін айтып келеді. Халықтың жағдайы оңалса, еліміз одан әрі дами бермек. Сыр өңірі үшін ауыл шаруашылығы саласы мен су саласы өте өзекті екені белгілі. Мемлекет басшысы да Жолдауында бұл мәселені қозғап, болашақта су тапшылығы әлемдік деңгейде көтерілетінін жеткізді. Біздің облыстың экономикасы негізінен Сырдария өзені мен Кіші Аралдың жағдайына тәуелді. Сол үшін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметке 3 жылға арналған бағдарлама әзірлеу туралы тапсырма берді. Одан бөлек, гидротехникалық саласының мамандарын дайындау керектігін де тілге тиек етті. Соңғы жылдары аталған мәселені түпкілікті зерттеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Нажмаддин МҰСАБАЕВ,

еңбек ардагері, облыстық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: