Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халықаралық Түркі Академиясымен меморандумға қол қойылды

04.04.2023, 15:55 195

HALYQLINE.KZ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Халықаралық Түркі Академиясы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Қол қою рәсіміне Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова, Халықаралық Түркі Академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаев және академия сарапшысы Айсұлу Искандерова, проректорлар, профессор-оқытушылар қатысты.

Жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова меморандум әріптестік байланысты нығайтып, ғылыми жұмыстарды бірлесіп атқаруға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

Тараптар Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы көне Жанкент қаласында бірлескен археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге келісті.

Жанкент (Янгикент, Жаңақала, Шахаркент) көне елді мекенін зерттеу жұмыстарын осы кезге дейін философия докторы (PhD) Әзілхан Тәжекеевтің жетекшілігімен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері жүргізгенін атап өту керек.

Жанкент қалашығына қазба жұмыстары неміс (Тюбинген университеті) және ресейлік (РҒА Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институты) археологтарымен бірге бірнеше жыл қатарынан жүргізілді.

Археологиялық қазба жұмыстары енді Халықаралық Түркі Академиясының қызметкерлерімен бірлесіп өткізіледі.           


      Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

медиа орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: