Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есірткісіз өмір ғажайып

27.10.2022, 10:25 490

                        «Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»

Бүгінде есірткіге тәуелділік немесе нашақорлық бүкіл әлемде, әсіресе жасөспірімдер арасында үлкен проблемаға айналды. Ақпарат көздерінде есірткінің құрамын, түрлерін, қоғамға зиянын ашық түсіндіріп баяндаған сайын, есірткі тұтынуға бейім адамдар қатары көбейіп келеді. Неге? Олар неге құны жоғары болғанымен қадірі бір тиын болмашы заттың «өмір» атты өзінің қызықты сюжетке толы мағыналы киноның құрдымға кетуіне, әрі сол «өмір-киносының » әлеміне билік етуіне жол береді? Денсулығына, өмір сүру салтына, рухани әлеміне тоқырау алып келетін осы «тажалдың» құрығына неге ілігуге бейім? Жастық жігері мен өр мінезі мен қайсарлығын неге соның алдында әлсіз етіп көрсетуге әуес? Иә, бұл сұрақтар «Есірткі» тақырыбы жайлы ақпараттарды ақтарған сайын бірінен соң бірі тізбектеліп санамда қала береді…

Нашақорлық – әлемді жаулаған ең қауіпті індет. Нашақорлықпен күрес, есірткіге тәуелділіктің алдын алу шаралары  күн сайын түрлі бағытта кешенді жүргізілуде. Нашақорлық – еліміздің зайырлы және сапалы дамуына тосқауыл болатын індет. Сондықтан елімізде қауіпсіз қоғам орнату үшін және жарқын болашағы мыз үшін  есірткіге тәуелді болмай, есірткісіз әлем құруымыз үшін аянбай күресуіміз қажет.

Жаһанға есірткі атауының мазмұны мен тұтынатын адамның саны мен салдарын тізбектеп жар салғаннан гөрі, себебін анықтау басты мәселе. Жаһандану мен өзгеруге бейім қоғамда бәсекеге қабілетті өмір сүру үшін, жақсы мен жаманды айыра білуде сан ақпараттың дұрысы мен бұрысын анықтау қиын кезде тура жолды дәл табу- есірткі әлеміне енбеудің ең тиімді тосқауылы деп ойламын.

Өзім қатарлы жас достарымды сынақты шақта шорт сынбай, Абай айтқандай өзін алып шығатын ақылы мен еңбегін серік қылып, жігерін қайрап, қиындықты бір сәтке ұмыту үшін күш салмай, қиындықты түбімен жою үшін төзімді болуға шақырамын. Игерген біліміміз бен күш-қайратымызды Жаңа Қазақстанымыздың игілігіне асыруға жұмылайық. Біздің бойымызда Мағжан ақын жырлаған жолбарыстың қайраты, арыстанның айбаты, жігерлі қанат бар.

Жас достар, есірткісіз ғажайып өмірдің  ең табыскер, ең әділетті, ең білімді, ең іскер, көшбасшы кейіпкері болайық! Біздің ғажайып өмірімізде есірткіге ЖОЛ ЖОҚ!

                                                                            Әбілмансұр ХАЛИЛУЛЛАЕВ,

                                                                       №145 «Бірқазан» орта мектебінің оқушысы

#есірткігеқарсыбайқау

Пікірлер:
  • Өте өзекті мәселерердің бірін қозғаған. Оқушы өзінің «үнін»осы мақала арқылы, дәйекті келтіре білген. Адамға ой қозғауға үйлесімді жазылған. Сәттілік серігің болсын, балам!

Нұрбол үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: