Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ең танымал ТОП-3 қызмет қандай?

14.09.2020, 9:30 479

HALYQLINE.KZ Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Биылғы жылы мереке 13 қыркүйекке дөп келіп отыр. Осыған орай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «отбасылық» ең танымал ТОП-3 қызмет бойынша ақпаратты ұсынады.

Олар – баланың туылуын тіркеу, жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлем тағайындау, баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақы тағайындау қызметтері.

Биылғы жылдың 8 айында Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы сәбидің 145 мыңнан астам туу туралы куәлігі берілген, 267 мыңнан астам жас ана бала туғаны үшін бірретік және оның бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне тиісті жәрдемақыларды алған, ал 134 мыңнан астам әйелге жүктілігі мен босануына байланысты табысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлем тағайындалған.

Аталған қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана емес, egov.kz электронды үкімет порталы арқылы ЭЦҚ көмегімен де тапсырыс беруге болады немесе мобильді азаматтар базасында тіркелгендер проактивті форматта СМС-хабарлама арқылы ала алады.

Айта кетейік, баланың туылуына байланысты проактивті қызмет Қазақстанда 2017 жылдың соңында іске қосылды. Бала дүниеге келгеннен кейін ата-анаға бірден құттықтау SMS хабарламасы, сондай-ақ сәбидің тууын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу туралы ұсыныс келеді. Электрондық үкіметтің порталы барлық ақпаратты мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады, ал жетіспейтін ақпарат қызмет алушыдан SMS хабарлама арқылы сұратылады. Соңғы үш жылда 85 мыңнан астам қазақстандық отбасы баланың туылуына қатысты қызметтерді проактивті түрде алған.

Тағы бір ақпарат қосып өтсек, жыл басынан бері 53 мыңнан астам жұп некелерін egov.kz электронды үкімет порталы арқылы тіркеген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: