Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.
Айбек Айтбеков 60 келіге дейінгі салмақта, Ислам Евлоев 97 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды.
Ибрахим Нұрмұхаммед 72 келіге дейін, Әлихан Дурсунов 77 келіге дейін, Джохар Узаров 130 келіге дейінгі салмақта күміс медаль алды. Кирилл Минько 82 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.
Жастар арасындағы Азия чемпионаты 1 маусымға дейін жалғасады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!