Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Журналистер тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын аралады

09.12.2022, 17:15 184

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша экология департаменті жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен қатысуымен баспасөз турын өткізді.

Іс-шара барысында Департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Н.Нұрмаханов тұрмыстық қатты қалдықтар полигонындағы сұрыптау, қалдықтарды көму және тағы басқа жұмыстарымен таныстырды.

Атап айтсақ, бүгінгі күні облыста145  полигонға жер учаскелері белгіленсе, оның  7-і ғана, яғни 5%-ы ғана  экологиялық талаптарға (экологиялық рұқсаттары рәсімделген) сәйкестендірілген.

ҚР Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен бекітілген  ҚР «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға қарай, тұрмыстық қатты қалдықтардың  сұрыпталып, өңделу  үлесін 40% дейін жеткізу қажет және 95% тұрмыстық қатты қалдықтарды  орналастыру  обьектілерінің  экологиялық талаптар мен санитарлық қағидаларға сәйкестендіру қарастырылған.

Облыс бойынша барлығы 145 полигон құрылысы үшін жер учаскелері бөлініп, полигондарды экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкестендіру бағытында кезең-кезеңмен шаралар жүргізілуде.  

Соңғы 3 жылда облыста жаңадан 2 тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының (Қызылорда, Арал қалалары) құрылысы жүргізіліп, қолданысқа  берілген.

Осы жылы 3 ауданда (Жалағаш, Сырдария және Шиелі) жаңа полигондардың құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп қазіргі уақытта жобалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Полигондардың құрлыстары 2023-2025 жылдарға жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда облыс аумағындығы түрлі  қалдықтарды тасымалдау, сұрыптау жинақтау, қайта  өңдеу және  жою  саласында 15- тен аса  кіші және  орта кәсіпкерлік  субьектілері  жұмыс істейді.

Жалпы, облыс тұрғындарының 70,8%-ы тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: