Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ТЖ министрі «Көк Төбе» саябағы қалай құтқарылғаны туралы айтты

23.09.2022, 15:10 284

Алматы қаласының аумағында Іле-Алатау ұлттық паркі, Баум тоғайы және Медеу табиғи паркі орналасқан Ол жерлерде  өрт жиі болып тұрады.

«Мәселен, ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде тау баурайында 3 гектар алқапта құрғақ өсімдіктер өртенді. Қатты жел мен таулы жер болғандықтан, өртті сөндіру қиын болды. Бірақ бөлімшелердің ден қоюы және өртті тактикалық сөндіруінің арқасында өрттің бақылау алаңына және «Көк Төбе» саябағына таралған жоқ. Осылайша алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтарының сүйікті демалыс орнын сақтап қалды.

Жыл сайын таулы-орманды жерлерде өрттердің алдын алу, сондай-ақ оларды уақытылы сөндіру үшін Министрлік бөлімшелері бірлескен мобильді топтар құрады. Олар рейдтер жүргізеді. Биыл екі жүзге жуық рейд жүргізілді, 117 от жағу оқиғасына жол берлмеді, барлық кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қосымша жиынтық жасақ құрылды, ол табиғи өрттерді сөндіруге шұғыл тартылады», – деп Юрий Ильин Алматы қаласының халқымен кездесу барысында атап өтті.

Бөлімшелердің күштері мен құралдарының дайындығын тексеру үшін жыл сайын орман шаруашылығы мекемелерімен өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізіледі.

Қабылданған шаралар Алматы қаласындағы табиғи өрттердің (құрғақ өсімдіктердің жануы) санын 28,4%-ға азайтуға мүмкіндік берді, тиісінше жану алаңы 4 есеге қысқарды.

Осыған байланысты, Юрий Ильин азаматтарға үйде немесе табиғатта демалған кезде  өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет екенін еске салды. Бір дұрыс емес әрекет адам өліміне және үлкен қайғыға әкелуі, үлкен зиян келтіруі мүмкін.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: