Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бір адам жылына 500 келіге дейін қоқыс шығарады»

31.03.2021, 10:45 630

HALYQLINE.KZ  «Бұл туралы Қазақстанның экологиялық ұйымы қауымдастығының басқарма төрайымы Айгүл Соловьева StopMusor әлеуметтік жобасының нәтижелеріне арналған баспасөз конференциясында айтты» деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл сайын бір қазақстандық шамамен 400-450 келі қоқыс шығарады. Қалдықтардың көпшілігі тұтыну өнімдерінен және ұсақ қоқыстардан тұрады: бөтелкелер, кәмпит орамдары, қораптар. Тәжірибе көрсеткендей, барлық жерде арнайы қоқыс жәшіктер мен полигондар бола бермейді, ол ұзақ уақыт бойы қоқыс жәшігінен тыс қалып, айналасын ретсіздік жайлап, қалдықтар тау болып үйіліп, кейіннен стихиялық полигондарға айналады. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша елімізде тек өткен жылы ғана 8 884 стихиялық қоқыс орындары пайда болған. Нәтижесінде қоқыс сыртқа лақтырылған кезде, ол қаланы ластап қана қоймайды, сонымен қатар денсаулыққа қауіпті заттар шығарып, қоршаған ортаға зиян тигізеді, – деді ол.

Соловьева StopMusor жобасының барлық жұмысы адамды қалдықтарға жауапкершілікпен қарауға, қоғамдық орындарда қоқыс тастамауға үйретуге және айналасындағы адамдарды экологиялық этикетке үйрету арқылы қалалық экожүйелерді қорғауға бағытталғанын айтты.

«Жобаның 9 айы ішінде арт-көрмелер, сенбіліктер, зияткерлік байқаулар мен қоғамдық пікірталастарды қамтитын жан-жақты онлайн және офлайн іс-шаралар арқылы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында миллионнан астам тұрғынды қамтыған ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мәселеге бей-жай қарамайтын азаматтардың атсалысуымен олардың өз қалаларындағы экологиялық проблемалары туралы, қалалық қызметтердің локализациялануы мен жедел шешілуін бая ндауға арналған арнайы мобильді қосымша мен сайт әзірленді», – деді Соловьева.

Айта кетейік, Дүниежүзілік экология күні қарсаңында, яғни 2020 жылдың 4 маусымында StopMusor әлеуметтік жобасы басталған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: