Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Екі техникалық қадағалаушының лицензиясы уақытша тоқтатылды

25.01.2022, 15:40 329

 HALYQLINE.KZ Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының мамандары өткен жылы аймақта салынған жолдардан 700-ден аса олқылық анықтаған. Мәселен, құрылыс сапасына жауапты 14 техникалық қадағалаушы жол салуда өрескел ахаулар жіберіп, өз жұмысына немқұрайды қараған.

Сапа орталығы салғырттыққа жол берген 14 маманға қатаң шара көруді сұрап, мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасына хат жолдаған болатын. Бүгінде, құзырлы мекеме 2 техникалық қадағалаушыға бір миллион теңгенің көлемінде айыппұл салып, 6 айға лицензиясынан айырды. Ал басқаларының біліктілігі мен тәртіптік шарасы қаралып жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: