Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Екі күнде 800-ге жуық құқықбұзушылық анықталды

05.02.2020, 14:38 386

Қызылорда қаласында «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында 2 күнде  800-ге жуық  құқықбұзушылық анықталды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында Қызылорда облысы көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында жол-көлік оқиғаларының артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шаралары өткізілуде.

Іс-шараның екі күнінде барлығы  759 жол қозғалысы ережесін бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы бойынша (белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырудың ) – 85, ҚР ӘҚБтК-нің 590. 3, 4-бабы бойынша (жалған немесе кернеу м/б тағып к/қ басқарудың) – 15, ҚР ӘҚБтК-нің 590. 7-бабы бойынша (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарудың) – 30, ҚР ӘҚБтК-нің 596. 3-бабы бойынша (қозғалыстың қарсы жолағына шығудың) – 1, ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы бойынша (бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өтудің) – 33, ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы бойынша (жаяу жүргіншіге басымдық бермеу) – 48, ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы бойынша (авариялық жағдай туындату) – 14, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы  бойынша (көлік құралын мас күйде басқару) – 9, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша (жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзуы) – 124 дерегі анықталды.  

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы ақпан айының 5-іне  дейін жалғасатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: