Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

eGov 3.0 іске қосылып, артық талаптар мен қадамдар қысқарды

11.08.2026, 11:40 52

Қазақстанда QazTech платформасы негізінде әзірленген eGov 3.0 порталы іске қосылды. Жаңартылған жүйе мемлекеттік қызметтерді алу жолын жеңілдетіп, инфрақұрылымға түсетін жүктемені азайтады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары әрі жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

«eGov порталы өзінің технологиялық мүмкіндігінің шегінде жұмыс істеп келді. Осыған байланысты жақында QazTech платформасында әзірленген заманауи eGov 3.0 порталы іске қосылды. Қызметтер барынша оңай, пайдаланушы үшін ыңғайлы форматта жинақталды. Талаптар мен қадамдар саны азайды. Сұранысқа ие қызметтердің бір бөлігі жаңа форматта қолжетімді», — деді Жаслан Мәдиев.

Жаңа порталда мемлекеттік қызметтерді іздеу, өтінім беру және қажетті рәсімдерден өту барысы оңтайландырылған. Соның арқасында азаматтардың уақыты үнемделіп, артық талаптар қысқарады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: