Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дональд Трамп Марат Омаровты АҚШ-қа шақырды

18.08.2020, 12:00 486

HALYQLINE.KZ «Коронавирус, кет, кет, кет» деп ән шырқаған әнші, композитор Марат Омаровты АҚШ президенті арнайы шақыртты. Шара пандемия аяқталған соң Америка президенті Дональд Трамптың ұйымдастыруымен өтеді.

Қазақстандық әнші-композитор Марат Омаров АҚШ-та өтетін қайырымдылық шарасына шақырту алды. Шара пандемия аяқталған соң Америка президенті Дональд Трамптың ұйымдастыруымен өтеді. Қазақстандық композиторды бүкіләлемдік композиторлар ассоциациясы шақырды.

«Бұл – әннің құдіреті. Менің «Коронавирус, кет-кет-кет» деген әнім хит болып кетті. Бүкіләлемдік композиторлар ассоциациясының мүшесі болғандықтан, өткен жылы желтоқсанда Нью-Йорк, Лас-Вегаста концерт бердік. Наурызда Майамиде концерт беретін болдық, бірақ коронавирусқа байланысты АҚШ президенті шараны кейінге қалдырды», – дейді композитор.

«Дональд Трамп пандемия біткен соң қайырымдылық шарасын ұйымдастырғалы отыр. Маған бүкіләлемдік композиторлар ассоциациясынан 2-3 күн бұрын хабарласты. Сол концертке қатысатындар тізіміне мені қосыпты. Дәл қазір қашан баратынымыз белгісіз», ­­­- дейді Марат Омаров.

Аталған іс-шара коронавирус тақырыбына арналады.

Бір қызығы, композитор қазір «Аман бол, халқым-ай» деп аталатын жаңа ән дайындап жатыр. Бұл ән де коронавируспен күресіп жатқан қазақстандықтарға арналады.

Пікірлер:
  • Қазақты қазақ деп атау керек деп С.Сейфуллин анықтап берген.
    Сондықтан «қазақстандық» әртіс, жазушы, спортшы емес, «қазақ» деп айту керек.
    С. Батыршаұлы

С. Батыршаұлы үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: