Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Цифрлық сауаттылық күні

16.05.2022, 9:45 646

Қызылорда облысындағы орта білім беру ұйымдарында «Цифрлық сауаттылық күні» шарасы өткізілуде.
Шараның мақсаты – мектептердің жоғарғы сынып оқушыларын мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен кеңінен таныстыру.

Биыл облыстағы 295 мектепті 7508 оқушы аяқтайды деп күтілуде. Оқушылар мектеп бітіргеннен кейін жоғарғы оқу орындарына құжат тапсырады. Ал, кейіннен жұмысқа орналасқан жағдайда тиісті сұратылатын құжаттар болады.

Осы мақсатта, аймақтағы барлық орта оқу орындарының бітіруші сынып оқушыларын қажетті анықтамаларды электронды форматта алуға үйрету қолға алынуда.

Мектеп бітіруші сынып оқушыларына берері көп 3с-шара Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен жүзеге асырылуда. !с-шаралар облыстық білім басқармасымен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалымен бірлесіп ұйымдастырылатын болады.

«Цифрлық сауаттылық күнінің» алғашқы шарасы Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейде өтті. Шараның ашылуында департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев пен филиал директорының орынбасары Айдын Қайруллаев сөз сөйледі. Мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алудың артықшылықтарын түсіндірді. Сөз соңында мектептің бітіруші оқушыларға алдағы ҰБТ-да сәттілік тіледі.
Мемлекеттік корпорация мамандары «Электрондық үкімет» порталымен жұмыс жасау және еGov mobile мобильді қосымшасы арқылы қызметтерді алу дағдыларын үйретті. Мысалы, ең көп сұралатын қызметтердің бірі ЭЦҚ кілтті алу жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, үйден шықпай-ақ, сотталмағандығы туралы, психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулезге қарсы диспансерден алынатын анықтамаларды мобильдік қосымшадан алуды түсіндірді.

Айта кету керек, биылғы 1-тоқсанда облыс бойынша 1346476, оның ішінде жергілікті атқарушы органдармен 1072033 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Жергілікті атқарушы органдар қызметтердің 98,7 пайызын электронды форматта көрсеткен. Электронды түрде көрсетілген қызметтер үлесі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 28,1 пайызға артып отыр.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: