Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгінгі әкімнің бұрынғы «әлегі»

30.01.2020, 7:45 1257

Қазалы ауданы Арықбалық ауылдық округінің әкімі Мәулен Қайруллае­в Ұлыстың ұлы күнін тойлаймыз деп басы бәлеге қалды. Бұл оқиға былтыр болған. Ол тұста Мәулен Мінажадинұлы Қазалы ауданы мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы қызметін атқарған.­ Бұл мәселе ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің Батыс аймағы бойынша ауданаралық басқармасына Қазалы ауданының тұрғыны Г.Жамишталиеваның «Бөлім басшысы М.Кайруллаев 30000 теңге тауып алып кел деп бұйырғанын, не себепті сұрағанын, бірақ 20000 теңге тауып апары­п бергенін, не себепті апарып бергенін білмейтіндігі» жөнінде арыз түсірген. Соның негізінде, М.Қайруллаевқа қарсы ҚР Қыл­мыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Г.Жамишталиева Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығына берген түсініктемесінде «2019 жылдың 19 наурызында М.Қайруллаевқа Наурыз мейрамына байланысты 20000 теңге бергенін, ол ақшаны хатшы Б.Қазанбаевадан алғанын, ағымдағы жылдың 20 наурызында­ айлық түскеннен кейін, әр қызметкер өз еркімен ақша бергенін, бөлім басшысы М.Кайруллаев 10000 теңгені өзі қосқанын, Наурыз мейрамына ақша жинауға жиналыс өткізілгенін» көрсеткен.

Ал Мәулен Қайруллаев Әдеп жөніндегі кеңеске «2019 жылғы мамыр­ айына дейін Қазалы аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы лауазымын атқарғанын, сол жылғы 19 наурызда бөлімде Наурыз мейрамына байланысты қаржы жинау мәселесі қозғал­ғанын, жалақысы болмағандықтан Г.Жамишталиева мекеме хатшысы  Б.Қазанбаевадан 20000 теңге алып, оған әкеліп бергенін, оның  үстіне  10000 теңге қосып, қаржы саласы ұйымдарына Ұлыстың­ ұлы күнін тойлауға апарып қосқанын, 2019 жылдың 20 нау­рызында жалақысы түскеннен кейін Б.Қазанбаева 20000 теңгесін қызметкерлерден жинап алғанын, ешкімге заңсыз тапсырма бер­мегенін»  айтқан.

Кеңеске  келген аталған бөлімнің экс-басшысы өзінің тарапынан  қателік  кеткендігін  айта  келе:

– Ұлыстың ұлы күні өзіміздің ұлттық мейрамымыз болған соң барлық ұжымда атап өтіледі. Әрине, оның барлығы ұжым мүшелерінің келісімі бойына жүргізіледі. Сол күні алаңда киіз үй тігіп, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсеттік. Бұл – жыл сайын жасалатын шаралар, – деді.

Осылайша Наурыз мейрамының соңы шуға ұласып кеткен. Тиісті құзырлы органдар зерттеп-зерделеу барысында қылмыстық құқықбұзу­шылық құрамы болмауына байланысты аталған істі тоқтатқан.­

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері бұрынғы Қазалы аудандық мемлеке­ттік сатып алу бөлімінің басшысы Мәулен Қайруллаевтың (қазіргі Арықбалық ауылдық округінің әкімі) ҚР мемлекеттік қызметш­ілерінің Әдеп кодексінің 9-тармағы 5, 6-тармақшаларында­ көзделген талаптарды бұзғаны үшін оған «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаны қолдануды ұсынды.

Кеңес отырысында департамент басшысы Нұрман Талқанбаев мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларына сәйкес келмейтін әрекеттерін жайып салды. Ол лауазымды тұлғалардың қызметтік автокөлігі  мереке  күндері  сауда дүкендерінің алдында тұратын­дығын  айтты.

– Мереке күндері мекеме басшылары мен орынбасарларының қызмет­тік көлігі сауда орындарының алдында тұрады. Ол жерге қызмет­  барысымен бармайтыны анық. Бұлай болмайды…, – деді.

Сондай-ақ, Нұрман Бақбергенұлы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әкімдікке түрлі сый-сияпат алып келген адамдарды көзбен көргендігін жеткізді.

– Кешегі Жаңа жыл мерекесінде осында (әкімдікке. – авт.) «подаркалар» келе бастады. Бұл сыйлықтар неге келіп жатыр? Мен сый-сияпат ұстаған адамдардан қай мекемеге келгенін сұрап едім, айтпайды. Мұның барлығын бақылауға алып, қай басқармаға келгенін анықтау керек, – деді облыстық департамент басшысы.

Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Хамит Тарбақов бұл бағытта жұмысты күшейтетінін хабарлады.

Естеріңізде болса, осыдан төрт ай бұрын (2019 жыл 25 қазан) Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Гүлмира Рах­метоваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған еді. Қала әкімінің ұсынысы негізінде кеңес мүшелері бөлім басшысын­ың тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алуға келісім берді.

Жиында Қызылорда облысының білім саласынд­ағы бақылау департаментінің мемлекетт­ік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, Әдеп кодексі бұзушылықтарының профи­лактикасы бағытында атқарған жұмыстары жөнінде департамент басшысы Ғалия Дәулетова,­ сондай-ақ, облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармас­ының басшысы Қайрат Тоғызбаев  хабарлама  жасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: