Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«BIR TOLQYNDA» жастар іс-шарасы өтті

14.12.2023, 16:45 179

Бүгін «Жастар орталығында» белсенді және шығармашыл жастар мен волонтерлердің қатысуымен «BIR TOLQYNDA» жастар іс-шарасы өтті.

Іс-шараға басқарма басшысы Алмасбек Есмаханов қатысып, өңірде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы, оның ішінде, Мемлекет басшысы мен облыс әкімінің қолдауымен іске асып жатқан жаңа жобаларға тоқталды.

Сонымен қатар, үздік волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарға «Жыл волонтері» облыстық сыйлығын табыстап, «Zhas Project» жобасы бойынша шағын гранттар байқауының жеңімпаздарын алғыс хатпен марапаттады.

Айта кету керек, шара аясында «Zhas Project» жобасы бойынша шағын гранттар байқауы жеңімпаздарының жобалары бойынша арнайы көрме ұйымдастырылды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: