Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бекарыстан биде балабақша салынып жатыр

01.10.2021, 10:15 1530

HALYQLINE.KZ Биылғы жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласында тұратын жерлес кәсіпкер Болат Сансызбаев Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Туған жерге тағзым» жобасына орай Бекарыстан би ауылында 100 орындық балабақша құрылысын бастады.

Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Бекарыстан би ауылына арнайы барып, балабақшаның құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жеке кәсіпкердің сенімді өкілі Еркін Сансызбаев балабақша құрылысы аяқталуға жақын қалғанын жеткізді. Мұнда балаларға қажетті жатын және ойын бөлмелері, жуынатын және тамақтанатын орындар қарастырылған. Құрылысқа қажетті материалдар аудан кәсіпкерлерінен сатып алынуда.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жеке кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілеп, құрылысын жұмыстарын сапалы аяқтау қажеттігін айтты. Сонымен қатар, Майдакөл ауылдық округінің әкімі Қонысбек Құрманбаевқа балабақшаға балалар қабылдауға дайындық жұмыстарын осы бастан жүргізуді тапсырды.

Бекарыстан би ауылына сапары кезінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Ү.Түктібаев атындағы №24 мектеп пен ауылдық мәдениет үйіне де арнайы барып, қысқы жылу беру маусымына дайындықтарымен танысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: