Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Батыс беткейдің тірлігі берекелі

03.02.2021, 11:00 361

HALYQLINE.KZ Кешегі жұмыс күнін есептік кездесуінің алдында қалаға қарасты кент және ауылдарды аралауға арнаған қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қосшыңырау және Қарауылтөбе ауылдық округтерінде болды.

Қосшыңырауда былтыр 2 көше орташа жөндеуден өтіп, 5 көшеге тас төселді. Абай ауылындағы мәдениет үйі жөнделіп, Досан ауылының 2 көшесі жарықтандырылды.

Қосшыңыраудың өткен жылғы қарқынды жұмыстарына тоқталған қала басшысы алдағы жылы ауылдың аяқ су мәселесі шешілетіндігін және ауылды дамытуға бағытталған жобалардың бірқатарын да атап өтті.

Қала дамуы жолында әрбір шараны жылы қабылдап, қолдау көрсеткен қарауылтөбеліктер үшін өткен жыл табысты болды. 2020 жылы ауылда ауыз су мәселесі толығымен шешіліп, Ж.Әбдіхалықов және А.Құнанбайұлы көшелерінің ұзындығы 3 шақырым болатын бөлігі орташа жөндеуден өтті. Екі көшенің 1 шақырымнан аса қалған бөіктеріне тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы ауылда жол жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жалғасып, бірқатар көшелерге жарық бағаналары қойыландығын жеткізген қала әкімі ауылдың аяқ су мәселесінің де күрмеуі тарқатыландығын айтты.

Басқосуда қос ауылдың ақсақалдары атқарушы биліктің жүйелі жұмысына алғыс білдіріп, қала әкімінің әрбір бастамасына тілекші екендерін жеткізіп, баталарын берді.

Тұрғындармен тілдескен қала әкімі ел еңсесін тіктеуге өлшеусіз үлес қосып, жастардың бағыт-бағдарына кеңесші болған екі ауылдың ардагерлері мен туған жерін түлету жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген бірқатар шаруашылық төрағаларын, жеке кәсіпкерлерді марапаттап, ізгі лебізін білдірді.

Айта кетейік, биыл қаланың батыс беткейінен орын тепкен Қосшыңырау мен Қарауылтөбенің тірлігін түлетіп, ахуалын әлдендіруге «Ауыл ел бесігі» шеңберінде – қаржы қаралуда. Қаралған қаржыға қос ауылдың көшелері жөндеуден өтіп, инфрақұрылымы дамытылмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: