Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бағдат Мусин: Интернеттің арзандығы бойынша әлемдегі 20 елдің ішіне кіреміз

13.07.2023, 10:34 186

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернеттің арзандығына қатысты айтқан сынға жауап берді.

Кеше Мемлекет басшысының алдында сөйлеген сөзім көрсетілген бейнематериалдың бір бөлігі қоғам тарапынан қызу талқыға түсті. Мен бұған дейін Президентке саладағы жағдай туралы айтқан болатынмын, сондықтан Мемлекет басшысы баяндамамды тоқтатып, мәселемен таныс екенін айтты, сондықтан менің видеодағы сөйлеген сөзім аяқталмағандай көрінді.

Бейненің бөлігін қызу талқылап жатқан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен сарапшыларға кездесуде айтылған сөзімнің толық нұсқасы қолжетімді болады деп ойлаймын. Мен қазір Батыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесуге бара жатырмын, жолдағы уақытты пайдаланып, маған келіп жатқанкөп сауалдарға жауап беруді және кейбір интернет-сарапшылардың менің сөздерімді дұрыс түсіндірмеуіне пікір білдіруді шештім.

Біріншіден, назар аударғым келетін нәрсе-байланыс құны. Біз интернет құнының арзандығы бойынша әлемдегі 10 елдің ішінде болмасақ та, 20 елдің ішіне кіреміз. Бұл факт.

Бірақ, арзан байланыс операторлар үшін тиімді емес екенін түсіну маңызды. Бұл бизнес, сондықтан бизнесті дамыту, яғни желіні құру және сапаны жақсарту үшін инвестиция қажет. Кіріспен бірге инвестициялар келеді. Егер табыс төмен болса, даму үшін инвестиция құйылмайды, тиісінше сапа да болмайды. Әлеуметтік желілердің дамуына байланысты, елде трафикті тұтыну бірнеше есе өсті. Бұл нені білдіреді? Бұл операторлар желісіндегі жүктеме де артты деген сөз. Бірақ шығындар тұтынылатын трафиктің көлеміне сәйкес тепе-тең түрде өскен жоқ. Қазақстан мобильді трафикті тұтыну бойынша жетекші елдердің бірі және мобильді желіні қолдану жағынан да алдыңғы қатарда. IKS-Consulting деректері бойынша 2022 жылы Қазақстанда 1 пайдаланушыға арналған Интернеттің мобильдік трафигінің орташа көлемі айына 13,9 Гбайтты құрады. Салыстырсақ, бұл көрсеткіш Солтүстік Америка елдерінде айына 5,6 Гбайтты ғана құрайды. 5G енгізгенімізді есепке алмағанда, Қазақстанда мобильдік трафик 2019 жылы 60% – дан 2022 жылы 21% – ға дейінгі қарқынмен өсті және бұл тренд жалғаса береді. Бұл 4G/5G мобильді желілеріне үлкен жүктеме.

Желілерді салу үшін қажетті құрылғыларлың да бағасы өсіп келе жатқанын ескеру маңызды. Мен өз саламдағы мәселер туралы ашық айтуым керек деп есептеймін. Біз инфрақұрылымды жаңартуымыз қажет. Бұл заман талабы. Біз барлық ауылдарды интернетпен қамтуымыз керек қой! Бұл да басты қажеттілік! Тарифтерді жасанды ұстап тұру саланың тоқырауына әкеледі. Біз бәріміз барлық жерде сапалы және өзгелердікінен арзанырақ қызмет алғымыз келеді. Бірақ біз қалағанымыздай бола бермейді. Бізге қарағанда интернет кімде арзан? Барлығы 10-15 елде. Қытайда интернет халықтың санының көптігінен арзан. Олармен салыстыруға келмейді. Израильде ше? Бұл ел аумағы жағынан Павлодар облысынан да кіші. Бұл елдегі базалық станциялардың саны Алматы мен Астанадағыдай. Егер сандарға қарасақ, Ookla деректеріне сәйкес, Қазақстанда 4G қолжетімділігі 84,5% құрайды, бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемде 79-орында. Ел аумағын 4G желілерімен 100% қамтыған Оңтүстік Корея көшбасшы болып табылады. Яғни, Қазақстан бұл ретте интернетпен қамту бойынша алдыңғы қатарға ұмтыла алады.

Қазақстанда 4G желілерінің “сыйымдылығы” бойынша да мәселелер бар – елде 20 мыңға жуық 2G/3G/4G базалық станциялары бар, оның ішінде 19 миллион қазақстандыққа 10 мыңға жуық 4G базалық станциялары бар. Осылайша, Қазақстанда 1 миллион адамға шаққанда 526 базалық станция бар. Салыстыру үшін, Оңтүстік Кореяда 51 млн. тұрғынға шаққанда 1 млн. 4G базалық станциясы, яғни 1 млн.тұрғынға шаққанда 19607 4G базалық станциясы бар. Немесе Қытайды алсақ, 1,4 млрд. тұрғынға шаққанда 6 млн. 4G базалық станция бар, бұл 1 млн.тұрғынға шаққанда 4528 4G базалық станцияны білдіреді. Егер Астана бойынша қарасақ, қазір 1,3 млн. тұрғынға шаққанда 2500-ге жуық 4G базалық станция бар, бұл 1 млн.тұрғынға шаққанда 1923 4G базалық станциясы. Яғни, елордада да 4G желілерінің “сыйымдылығын” ұлғайту қажет.

Сонымен қатар, бір орында тұра алмаймыз және жаңа технологияларды дамыту маңызды, яғни 5G-ді енгізу. Байланыс туралы айтатын болсақ, біз аумағы бойынша үлкен және халық тығыздығы бойынша «кішкентай» екенімізді есте ұстаған жөн.

Мен операторлардың жұмысын жиі сынға алдым және объективті түрде сынға аламын, бірақ өз кезегінде кез-келген инфрақұрылым жаңартуды қажет ететінін түсінемін, мейлі ол жылу электр станциясы болсын, мейлі ол кәріз желісі болсын. Біздің көптеген инфрақұрылымдық нысандарымыздың жағдайы жақсы емес, неліктен? Өйткені бір кездері шенеуніктер жауапкершілікті өздеріне алмай, 10 жылдан кейін барлығы тозатынын ескертпеген, осының зардабын біз қазір көріп отырмыз.

Ал 5G желілері үлкен инвестицияны қажет етеді. Қытай еліндегі жағдайды талдап көрейік: бүгінде ҚХР-да 2 290 мың 5G базалық станциясы салынды, бұл 100 мың тұрғынға шаққанда шамамен 163 БС. Барлығы ҚХР 2025 жылға қарай 100 мың тұрғынға шаққанда 260 5G базалық станциясының нысаналы көрсеткішін белгіледі. Немесе Оңтүстік Кореяда 215 мың 5G базалық станциясы салынды, бұл 100 мың тұрғынға шамамен 415 БС.Салыстырып алатын болсақ, Астанада мобильді операторлар 2027 жылға дейін 5G -ге арналған 1242 базалық станция(лицензиялық міндеттемелерге сәйкес) салуды жоспарлап отыр, бұл Астананың 100 мың тұрғынына шаққанда 95 5G БС шамасында. Осылайша, Астана бойынша сапалы 5G болсын десек, Базалық станциялар санын көбейту қажет.

Нарықты «тежейтін» екінші мәселе-монополия. Монополиясыздандыруды ешкім жойған жоқ, байланыс операторларының бірін Қазақтелекомнан шығару керек. Бұл менің ұстанымым.

Айыппұлдар көлемін арттыруды жалғастырамыз. Мысалы, байланыс операторларына 2019 жылы 51 тексеру жүргізіліп, 10,8 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Биылғы жылы, қазіргі жағдай бойынша 308 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 1 млрд.244 млн. теңге көлемінде айыппұл жазылды. Барлық қаражат ел бюджетіне түседі.Олар үлкен көлемде айыппұл төлегенше, жағдайды түзетуге тырысады. Сапаны арттыруға мүмкіндік беретін базалық станцияларды жақсартып, желіні дамыту бойынша жұмыстар жасайды.

Бүкіл әлемде радиофобтарға байланысты базалық станцияларды орнатуда мәселе бар. Тек Астанада ондаған базалық станциялар алынып тасталған, ал 27 тұрғын үй кешенінде тұрғындар әлі де базалық станцияларды орнатуға қарсы.

Сонымен қатар, біздің елімізде “сәулеленуді” болдырмау бойынша қатаң талап қойылған. Мысалы, Қазақстанда қойылатын шек – 10 мкВт/см2, ал АҚШ, Жапония, Кореяда-200-1000 мкВт/см2. ДДҰ зерттеулері және басқа да көптеген зерттеулер халықтың денсаулығына қауіп төндірмеді, сондықтан кейбір елдер радиацияның рұқсат етілген деңгейін жоғарылатып, байланыс сапасын жақсарту мүмкіндігін негіздейді. Ал, Қазақстанда бұл тұрғыда барлығы қарастырылған.

Министрлік байланыс желісін, жаңа технологияларды дамыту және байланыс сапасын жақсарту бойынша маңызды жоспарлар құрып, операторларлың алдына алдағы жылдары шешуі тиіс міндеттер қойып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: