Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Журналист Асхат Ниязовтың үстінен «Жала жабу» бабы бойынша қозғалған іс тоқтады

29.04.2024, 18:35 187

Астана қаласы әкімшілік сотының судьясы істе «құқық бұзушылық құрамы жоқ» деп тапты. YouTube-тегі «Обожаю» арнасының авторы, журналист Асхат Ниязов қаңтарда билік аккредитация бермей қойған Азаттық тілшілерін қолдап жариялаған жазбаны бөліскені үшін сотқа тартылды. Ол жазбаны бірінші қаржы тақырыбында жазатын ProTenge телеграм-арнасы жариялаған. Қазақстан мәдениет және ақпарат министрлігі жазба «қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін төндіреді немесе азаматтардың я ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне айтарлықтай нұқсан келтіреді» деп тапқан соң полиция тергеу бастаған. Кейін полиция пост мазмұнында қылмыстық құқық бұзу белгісі жоқ деген қорытынды жасап, журналистің үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, сотқа жолдаған. Өткен аптада Алматыда полиция ProTenge жобасының жетекшісі Жәмила Маричеваны көшеден ұстап әкетіп, журналистің үстінен «жалған ақпарат тарату» бабы бойынша әкімшілік іс қозғаған. Ол биыл қаңтарда Азаттық радиосын қолдап, ProTenge парақшасында пост жариялағаны үшін істі болып жатыр. Маричеваның соты қашан болатынын әзірше белгісіз.

Дереккөз (Фото): Azattyq

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: