Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

11.02.2020, 9:41 1416

Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың оқу залында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай ҚСҚ Қызылорда облыстық басқармасымен бірлесіп «Бейбіт өмір батырлары» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.

Жиынға Қызылорда облыстық ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Баймахан Қайридин, қоғамдық бірлестіктің мүшесі Қожамқұлов Жеңіс қатынасты.

Кешті ҚСҚ Қызылорда облыстық басқарма төрағасы Ж.Тілеген ашып, шараға қатысушыларды құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына амандық тіледі.

Шараға қатысушы қонақтар ауған соғысындағы естелік-әңгімелерін айтып берді. Жастар ауған ардагерлеріне сұрақ қойып, ардагерлер соғыс кезіндегі есте қалған естеліктерді, бастан өткен қиын кезеңдерді еске алды.

Ауған ардагерлері жастарды елін, жерін сүюге, отанын қорғауға шақырды. Тәуелсіз елдің жастары әскери борышын атқарып, соғысқа қатысқан ардагер ағаларды құрмет етіп, ерлігін жырға қосып, есімдерін естен шығармайтындықтарын айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: