Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Астана мерекелік отшашудан тағы бас тартты

29.06.2023, 14:29 232

HALYQLINE.KZ

Биыл атауы бірнеше рет өзгерген Астана қаласы 25 жылдығын тойламақшы. Қала әкімдігінің хабарлауынша, мереке күні қарсаңында 100-ден аса шара өтеді. Оның 90-ға жуығын тамашалау тегін болады. Қала күнінде мерекелік отшашу болмайды.

Естеріңізде болса, 2020 жылы коронавирус өршіп тұрған шақта Алтай Көлгінов бастаған қала әкімшілігі отшашу ұйымдастырған. Бұл жағдай ел тұрғындарының қатты наразылығын тудырды.

Отшашу уақытында қалада 6000-ға жуық адам коронавирус жұқтырып, 61 адам қайтыс болғаны туралы дерек тіркелген. Оған қоса 180-нен астам адам жансақтау бөлімінде жатса, олардың 40-ғы жасанды тыныс алу аппаратына мұқтаж болған. Мәдениет басқармасының хабарлауыша, отшашу қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеру үшін, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда жүрген мидицина қызметкерлерін қолдауға арналған. Ал қала әкімдігі бұған ресми түрде ешқандай түсініктеме бермеген.

Жоғарыда атап кеткен ел шуының әсері бар-жоғы белгісіз, әйтеуір Астана әкімдігі осымен үшінші жыл қатарынан мерекелік отшашудан бас тартып келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: