Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арабтардың қазаққа еш өкпесі жоқ шығар, Нұрлан имам?!

24.07.2026, 15:10 51

HALYQLINE.KZ

Нұрлан имамға интернетте діни уағыз айтуға рұқсат еткен ресми куәлік берілді.

Осы жаңалықты естіп, Нұрланға: «Енді саған қазақтың салт-дәстүрінің шығу тарихын, түп-тамырын, төл мән-мағынасын жателдік араби-ислами түсініктен қорғауға мүмкіндік берілді. Соны құр жіберіп алма!» деп жазып жібердім…

Бірақ, көңілде бір күмәнді түйткіл бар. Ол еліміздің заңнамасына қатысты.

Бұрын қабылдаған «Дін туралы заңда» түзетулерден кейін: «Қазақстанда діни уағызға арнайы белгіленген орындардан бөлек жерде тыйым салынады» деген бап кірген болатын.

Ал, Нұрланға берілген мына «куәлік» сол заң бабына қайшы келіп тұр…

Ендеше, мұндай «куәлікті» тек Президент қана өзінің арнайы Жарлығымен бере алар еді. Жарлық шыққан жоқ…

Олай болса, бұл куәлікті берген мекеме, мүмкін министрлік, қандай Заңға сүйенген? Олар осы арқылы заңбұзушылық қадамға барып отырған жоқ па?

Маған, әрине, Нұрланның «діни либерализмі» кейде ұнайды. Бірақ, біз үшін әділдік алда тұруы керек.

Нұрлан қазақтың осы мінезін дәріптей бастаса ғой, шіркін!.. Өйткені, Нұрлан сияқты харизмалы насихатшы тұлға қазір «өзара у-шу боп жатқан дінге» емес, Ұлттық мемлекеттің идеологиялық негізі болатын Қазақ салт-дәстүріне, оның Мәдениетіне, Универсалды ойлай алатын қазақ дүниетанымына қажетірек болып тұр!

Қазақ елінде, қазақ жерінде, қазақ мемлекетінде Ұлттық болмысты дәл Нұрланның дінді уағыздағанындай «уағыздайтын» харизмалық тұлға табылмай тұр.

Ал, арабтардың қазаққа еш өкпесі жоқ шығар – олар риза!

Әбдірашит  БӘКІРҰЛЫ.

abai.kz

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: