Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақылы жүйе І санаттағы автожолдарда іске қосылады

16.06.2021, 14:00 339

HALYQLINE.KZ Биыл ақылы жүйе І санаттағы автожолдардың 5 учаскесінде іске қосылады. Бұл – «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» (Қайнар-Тараз, Тараз-Шымкент, Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Ташкент), Щучинск-Көкшетау, Қапшағай-Талдықорған (Талдықорған қаласы айналма жолы), Нұр-Сұлтан-Павлодар, Ақтау-Жетібай-Жаңаөзен және Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар қалаларының айналма жолдары.

Қазіргі таңда жұмыс тобы аталған учаскелерге қызметтік сапарлар ұйымдастырып, олардың жағдайын тексеруде.

Жүріп өткен жол үшін төлемақы учаскенің техникалық санатқа толық сәйкестігі қамтамасыз етілгеннен кейін ғана алынатын болады.

Төлем мөлшерлемелерін қымбаттату мәселесі қарастырылмағанын хабарлаймыз.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК

Қызылорда облыстық филиалының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: