Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зорлық-зомбылыққа қарсы семинар өтті

26.01.2024, 16:45 176

Қызылора облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Кадр саясаты тобының аға инспектор-психологы әділет капитаны Моншақ Маханованың ұйымдастыруымен «Анаға тағзым» орталығының әдіскерлері бірлесе отырып, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің жеке құрам қызметкерлеріне «Зорлық-зомбылықпен күрес ортақ міндет» тақырыбында семинар тренинг өткізді.

Семинарда ең алдымен, «Анаға тағзым» орталығының әдіскері Малимова Салима кеңесті ашып беріп, департамент психологы Моншақ Маханова тақырып негізінде баяндама оқып, орталық психологы жеке құрам қызметкерлеріне ойын ұйымдастырды.

Тренингтің басты мақсаты, жеке құрам қызметкерлерінің даму кезеңін жақсарту, қызметтен тыс ой сергіту, сондай-ақ, ерлер мен әйелдердің қазіргі кездегі қоғамдағы рөлі, отбасындағы сыйластық пен, жанұя бірлестігін сақтау және т.б тақырып негіздерінде ұйымдастырылды. Сонымен-қатар, психологиялық кеңестер беріліп, жеке құрам қызметкерлері тақырып аясында өз жеке ойларымен пікірталастар жүргізді. Шара барысында, жұмбақ әндердің жауабын тап айдары мен жасырынған суретті тап ойыны ұйымдастырылып, мекеме қызметкерлері белсінділікпен қатыса білді.       

Семинар қорытындысында, ерлер мен әйелдер екі тарапқа бөлініп, отбасы құндылығы жайында өзекті мәселелерді айтып, яғни, әйелдер тарапы сурет салу арқылы түсіндірсе, ерлер тарапы, әдеби, көркем түрде жазып бөлісті. Жеке құрам қызметкерлері ұйымдастырушы мамандарға алғыстарын білдіріп, сергіп қалғандарын жеткізді.

  • Бүгінгі шараны ұйымдастыруымыздың себебі, отбасылы және отбасын құрмаған жеке құрам қызметкерлерін бір ортаға тоғыстырып, отбасылық кеңістік өмірге бейімдеп және отбасыға көңіл бөлу, отбасын сақтап қалу негізінде психолог, әдіскер мамандарды бірлестіре отырып, семинар өкізуді жөн санадым. Тренинг арқылы жас жеке құрам қызметкерлері отбасын құруға дайындалып, сондай-ақ, қызметтен тыс ой бөлсін деген негізде ұйымдастырылды, – деп сөзін қорытындылады ҚАЖ департаментінің Кадр саясаты тобының аға инспектор-психологы әділет капитаны Моншақ Маханова.

Мөлдір ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ,

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: