Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жылдар тоғысында қанша сәби дүниеге келді?

04.01.2021, 13:55 1566

HALYQLINE.KZ

Облыста Жаңа жыл мерекесінде, яғни 1-2 қаңтар күндері 146 сәби дүниеге келді. Оның 74-і – ұл, 72-сі – қыз бала. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің апараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Бибізада Дүйсенбаева мәлімдеді.

– 146 нәрестенің 57-сі аудандардағы перзентханаларда дүниеге келді. Барлық бала мен ананың жағдайы жақсы. Дәрігерлердің бақылауында. Сәбилерге ата-аналары тарихи тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен танымал адамдардың есімдерін қойған. Қыз балалар арасында көркемдік, сұлулық пен нәзіктікті сипаттайтын Айкөркем, Айзере, Зере, Аида, Айша-Бибі есімдері берілген. Ал ұл балаларға Абай, Мансұр, Бейбарыс немесе Ислам есімдерін қойды, – деді Бибізада Әшімқызы.

Айта кетейік, облыста желтоқсанның 31-і сағат 08:00-ден 1 қаңтар сағат 08:00-ге дейін барлығы 68 нәресте дүние есігін ашты. 68 сәбидің 35-і – ұл, 33-і – қыз бала. Оның ішінде желтоқсанның 31-інен қаңтардың 1-іне қараған түні 13 сәби дүниеге келді.

Жалпы, аймақта өткен жылы демографиялық дамуында бала туу көрсеткіші оң динамикасын көрсетіп, 12,1% құрап отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: