Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ten Qogam» орталығы ашылды

17.11.2021, 16:00 384

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсететін «Тең Қоғам» орталығы жұмысын бастады. Салтанатты рәсімге қатысқан қала әкімінің міндетін атқарушы Бектас Нуридинов орталықтың жұмысына сәттілік тілеп, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғауға негізделген шаралар алдағы уақытта жалғасын табатындығын жеткізді.

Орталық қызметі «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2025 жылға дейінгі жол картасы аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Ten Qogam» әлеуметтік жобасымен жүзеге асуда.

Қаладағы өмірлік қиын жағдайда жүрген, тәрбиеленуінде мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе өздері де сол санаттағы тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар орталық қызметіне жүгіне алады. Орталықта заңгерлік кеңес беру, психологиялық көмек, әлеуметтік-тұрмыстық, кәсіпкерлікке баулу дағдыларын үйрету, бос уақыттарын тиімді үйлестіру жұмыстары жүзеге асады. Орталық Астана даңғылы №79 ғимаратта орналасқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: