Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Су ысырабына жол берілмеу керек

20.04.2022, 12:00 529

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласының тұрғындары ауыз сумен Қызылжарма және Қызылорда жерасты су кені арқылы қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда күнделікті 58 ұңғымадан тәулігіне 70,0 мың текше метр ауыз су өндіріліп тұтынушыға таратылып отыр. Бұл туралы «Қызылорда су жүйесі» мекемесі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Өтепов баспасөз орталығында өткен брифингте баяндады.

«Бүгінгі күнге кәсіпорын 82 671 тұтынушыға қызмет көрсетеді. Тұтынушылардың басым көпшілігі ауыз суды жасыл-желектер мен бау-бақшаларды суаруға пайдаланады. Бұл өз кезегінде ауыз су қысымының төмендеуіне әкеледі. Үнемдеу мәселелерін тұтынушыларға түсіндіру мақсатында ауыз суды көгалдандыру жұмыстарына белгіленген уақыт аралығында, яғни түнгі 00:00 мен 06:00 аралығында пайдалануды ескертіп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Су ысырабына жол бермеу мақсатында кәсіпорынның инспектор-бақылаушыларымен күнделікті рейд жұмыстары ұйымдастырылып, заң бұзушылықтар дер кезінде анықталып қалыпқа келтірілуде», – деді Нұрлан Кеңесұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: