Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиелілік шаруалар жәрмеңкеге 160 тонна өнім әкелді

17.10.2022, 10:15 162

HALYQLINE.KZ Тасбөгет кентінде «Алтын дән» шарасының аясында Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтарына жоғары сапалы экологиялық таза өнімдер ұсынды.

«Жәрмеңкеге Шиелі ауданы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерімен 57 автокөлікпен барлығы 160 тонна азық-түлік тауарлары жеткізілді. Атап айтқанда 30 тонна картоп, 20 тонна күріш, 10 тонна сәбіз, 30 тонна жуа, 5 тонна қырыққабат, 0,5 тонна асхана қызылшасы, 5 тонна қауын, 3 тонна қарбыз, 20 тонна асқабақ, 2,5 тонна сиыр еті, 2 тонна балық өнімдері сатылды. Жәрмеңкенің басты артықшылығы – бағаның төмендігі. Азық-түлік нарықтық құннан 15-20 пайызға төмен саудаланды» деп хабарлайды Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жәрмеңкеге жиналған қала тұрғындары үшін аудан өнерпаздары концерттік қойылым қойып, ән мен күйден шашу шашты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: