Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Садақаны дәулетіңе сай бер

20.11.2021, 16:00 304

HALYQLINE.KZ Тарғын деген бал сататын саудагер екен. Күндердің күні бал толтырылған бөшкелерді тиеген кемесі жағаға келіп тоқтайды. Қолында шағын ыдысы бар бейтаныс қарт әйел келіп, саудагерден аз ғана бал сұрайды. Алайда саудагер бермейді. Кейуана да дауласпай жөніне кетіп қалады. Тарғын өзінің көмекшісіне «әлгі кейуананың үйін, мекенжайын тауып, бір бөшке бал жеткізіп беріңдер» деп тапсырады. Көмекшісі «құп болады» деп, артынша: «Кішкене ғана бал беруден бас тартып, соңыра бір бөшке бал беруіңізді сыры неде?» деп сұрайды.

Тарғын: «Е-е, балам! Ол кейуана өзінің шамасынша сұрады, ал мен өз шамама сай берудемін» деген екен. Eгер садақа беруші бұл құлшылықты шынайы түрде жете түсінсе, беріп жатқан қайырымдылығы кедейдің қолына тимей жатып, Алланың құзырында қабыл болатындығын білсе, алушының рақатынан берушінің рақаты басым екенін ұғынар еді. Садақаның көл-көсір пайдасын қысқа да, нұсқа етіп айтар болсақ:

  1. Садақа – жәннат қақпаларының бірі;

2. Садақа – ең ізгі амалдардың қатарынан;

3. Садақа – қиямет күні иесіне сая және көлеңке;

4. Садақа – Жаратқанның қаһарын, қабірдегі аптап ыстықты басады;

5. Садақа – марқұмға сауабы тиетін ең қайырлы амал;

6. Садақа – адамның жанын тазалап, сауабын еселей түседі;

7. Садақа – қайырымдылық жасаушының жүзін қияметте нұрлы етеді;

8. Садақа – ең үрейлі күні (қияметте) адамға қауіпсіздік сыйлайды;

9. Садақа – күнәнің кешірілуіне себепкер;

10. Садақа – періштелердің дұға етуіне себеп және өмірінің соңы жақсылықпен тәмамдалуына сеп;

11. Садақа беруші – ең жақсы адамдар қатарынан, ал садақаның сауабына оған септігі тиген әркім ортақ;

12. Садақа иесіне мол жақсылық уәде етілген;

13. Садақа беру тақуалардың сипатынан;

14. Садақа – сақилық пен жомарттықтың айқын белгісі;

15. Садақа – дұға-тілектің қабыл болуының үлкен себепшісі;

16. Садақа – жамандық пен пәлені қайтарушы;

17. Садақа – өмірді ұзартып, ризық-несібені молайтады;

18. Садақа – дертке дауа, сырқатқа саулық сыйлайды;

19. Садақа – өрт, суға кету, ұрлық және жаман өлімнен қорғайды;

20. Садақа жануарлар мен құстарға берілсе де сауапқа ие.

Ал енді, дәл қазір сіздің жасай алатын қайырымдылық пен садақа – осы сөзді достарыңызға тарата отырып, ең қайырлы амалға оларды да шақыру.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: