Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласының «Үздік ауласы» анықталды

23.09.2021, 11:15 436

HALYQLINE.KZ

Қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов аулаларды абаттандыру, көгалдандыру ісі бойынша үздік атанған байқау жеңімпаздарын құттықтады.

Қызылорда қаласын жасыл желекке айналдыру бағытындағы жұмыстарға қаланың жанашыр және белсенді азаматтары үлестерін қосып келеді.

Оларды ынталандыру үшін Қызылорда қаласы әкімдігі «Қала күні» мерекесіне орайластырып әлеуметтік желілердегі парақшасында 16 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында «Үздік аула-2021» байқауын ұйымдастырды. Байқауға қатысуға 8 аула өтінім білдіріп, нәтижесі бойынша «Шұғыла» мөлтек ауданы №15 үй, 28-пәтер тұрғындары Голиков Анатолий Иванович пен Голикова Людмила Васильевнаның ауласы басым дауысқа ие болып, жеңімпаз атанды.

Қаланың көркеюіне үлес қосып, жанашырлық танытқан аула бағбанына Бектас Балғабайұлы қала әкімінің арнайы дипломын табыстады. Сонымен қатар, ауланы көркейту-көгалдандыруға қажетті құрал-саймандар жинағы беріліп, тұрғын үй ауласына «Үздік аула – 2021» тақтайшасы ілінді.

Байқаудың бір ерекшелігі, қала тұрғындары әлеуметтік желі арқылы үздік ауланы өздері таңдайды. Дәстүрге айналған «Үздік аулалар» байқауы биыл 4-ші мәрте ұйымдастырылды.

Жеңімпаз атанған аула иелері Қызылорда қаласының тұрғындарын аулаларын күтіп-баптауға, қаламызды жасыл желекке айналдыруға өз үлестерін қосуға шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: