Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласында 10 сәуірден бастап жылу тоқтатылады

09.04.2024, 17:05 81

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласы әкімінің шешімімен Қызылорда қаласында 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымы 2024 жылғы 10 сәуірде сағат 00:00-де аяқталады.

2024 жылдың сәуір айынан 15-жұлдызынан бастап, мамыр айының 15-жұлдызына дейінгі уақыт аралығында Қызылорда қаласының жылу желілерінде 16 кгс/см2 дейінгі қысыммен магистральдық және 12 кгс/см2 ауданаралық жылу құбырларының тығыздығына гидравликалық сынақ жүргізіледі және қаланың оңтүстік ауданындағы жылу желілерінде ең жоғары температуралық жылу тасымалдағыш сынағы өткізіледі.

Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында сынақ жүргізу кезінде бөгде адамдарға магистральды құбырлардың жанында болуға қатаң тыйым салынады, сондай-ақ, қаланың жылу құбырларында (трассаларында) авариялық жағдайлардың туындауының алғы шарттарын болдырмау мақсатында кондоминиумның барлық басқару органдары (ПИК) және жылу энергиясының басқа да тұтынушылары жылытудың, ішкі жылу желілерін сыртқы жылу желілерінен сенімді ажыратылуы тиіс.

Сынақ кезінде желілік судың ағуы және құбырлардың үзілуі анықталған жағдайда диспетчерлік қызметке 25-00-45, 25-01-04 телефоны бойынша дереу хабарлау қажет.

Байланыс телефоны 8-776-869-20-53 немесе қалалық коммуналдық шаруашылық қызметінің диспетчерлік қызметіне – 109.

«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК әкімшілігі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: