Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда ЖК жабу жеңілдейді

09.02.2021, 12:00 470

HALYQLINE.KZ Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, жеке кәсіпкерлер үшін E-Salyq Business қосымшасы әзірленіп жатыр.

«Жеке кәсіпкерлер үшін E-Salyq Business қосымшасы әзірленіп жатыр. ЖК-ны тіркеу мен жабуды, салық есебін ұсынуды жеңілдету, сондай-ақ комиссия және фискалды деректер операторларының қызметтеріне ақы төлеуді алып тастау жоспарланды. Қосымша салық төлеуші есебін автомат түрде шығарады. Оны растауға немесе түзетсе болады», – деді Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында.

Министр үкіметте өткен кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы салықты тіркеу және жеңілдету бойынша бірқатар міндеттер қойғанын атап өтті.

«2021 жылдан бастап жеке тұлғаларға мүлік және жер салығы біріктірілді. Енді екі салық та бірыңғай төлеммен төленеді. Бұл ретте көппәтерлі тұрғын үй меншік иелерінен жер салығы алып тасталды. Мүлік салығын төлеу қолайлы болу үшін Е-SalyqAzamat мобильді қосымшасы әзірленді. Қосымшада деректерді толтырмай-ақ салық төлеуге, артық төлемді басқаруға мүмкіндік бар», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: