Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Халықшыл» отбасы

17.02.2022, 11:40 894

«Газет – бұқараның көзі, құлағы һәм тілі». Бүгінгі­дей интернет дамыған заманда басылым­дардың бәсі бәсең тартқандай көрінетінін несіне жасырамыз?! Десе де, газет-журналға деген құштарлық мүлде жоқ деу қиянат болар еді. Ел ішінде әсіресе, аға буын өкілдері арасында басылымдарға сұраныс әлі де сақталған. Оған мына суреттегі көрініс куә болады.

Жанғылыш Жұбандық есімді бұл азамат «Қазалы теміржол жылу» мекемесінде аға оператор болып ұзақ жылдан бері жұмыс істейді. Аталмыш мекеме кент ішіндегі өздеріне қарасты тұрғын үйлерді, теміржол мекемелерін, мөлтек аудан, көпқабатты үйлерді жылумен қамтамасыз  етеді.

Кітап, газет-журнал оқу Жанғылыш Асанбекұлының бойына сонау бала кезінен бастап қалыптасқан дағды. Осынау игі үрдіс Жәкеңнің отбасында бұлжымас қағидаға айналған.

– Мен де, бауырларым да түрлі басылымдарды жаздырып алып, қалт жібермей оқимыз. Әсіресе, отбасымызбен «Халық» газетінің көп уақыттан бергі тұрақты оқырманымыз. Жылда баспасөзге жазылу  науқаны кезінде бірден «Халық» газетінің 3 данасына жазылып, бірін өзіме қалдырып, екеуін бауырларыма беремін. Газет тілшілерінің сараптамалық, өзге де бағыттағы еркін әрі батыл, ашық көзқараста жазылған мақалалары, тұщымды туындылары маған қатты ұнайды, – дейді  Жанғылыш  Жұбандық.

Жұмабек  ТАБЫНБАЕВ,

Қазалы  ауданы

Суретте: Жанғылыш Жұбандық немерелері Мәди мен Фатимаға «Халық» газетінен үзінді оқып беруде.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: