Бүгін Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтіп, Үкімет отырысында көтерілген қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жан-жақты талқыланды.
Ауданда еңбек ұжымдарындағы жұмысшылардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және тұрғындардың табысын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен, кәсіпорындар мен мекемелерде жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту күн тәртібінен түспеуі тиіс.
Жиында тіршілікті қамтамасыз етуде аса маңызды электр желілері мен ауыз су нысандарында орын алып жататын ақаулар бойынша жауапты мекемелерге инфрақұрылым нысандарының техникалық жай-күйін тұрақты бақылауда ұстап, апаттық жағдайлардың алдын алу шараларын күшейту тапсырылды.
Сонымен қатар, еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік ахуалға тұрақты мониторинг жүргізу, жұмысшылардың еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын заң талаптарына сәйкес реттеу қажеттігі атап өтілді.
Осы және өзге де ағымдағы мәселелерді назарға алған аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы жиын барысында кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма жүктеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!