Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елімізде 1500-дей Наурыз есімді адам бар

22.03.2022, 10:00 281

HALYQLINE.KZ

Наурыз – көктем мерекесінің атауы ғана емес, адамдарға да қойылатын ерекше есім. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы Telegram каналында Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам тұратыны туралы инфографика жариялады.

Бір қызығы, Наурыз есімі ер азаматтарға да, қыз-келіншектерге де қойылады. Мәселен, елімізде Наурыз есімді 1 453 адам болса, оның 1 417-сі – ер адам, қалған 36-сы – әйел.

Сонымен бірге статистикада Наурыз есімін қай өңірлерде жиі қоятыны көрсетілген:

Маңғыстау облысында – 278 адамның;

Түркістан облысында – 190 адамның;

ал Қызылорда облысында – 160 адамның есімі Наурыз екен.

Одан бөлек, 2021 жылғы 1 қаңтар мен 2022 жылғы 1 қаңтар аралығында елімізде Наурыз есімді 17 нәресте өмірге келген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: