Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бізбен бірге болыңыз!

07.10.2021, 10:30 237

Соңғы жылдары дүние дүрлігіп тұр. Қаржылық дағдарыс, былтырдан бергі панде­мия талай тірлікті тұсаулап, нарық та ырыққа көнбей тұр. Баға күн сайын құбы­лып жатыр. Әрбір қызмет пен жұмыс барысы бірі-біріне әсер етіп келеді. Жасыратыны жоқ, қай сала болмасын, қиындықтың құрсауынан ілдалап шығып жүр. Соның бірі баспасөз саласына да оңай тиіп тұрған жоқ. Қанша жерден интернет, әлеу­меттік желі алға озғанымен, сонау заманнан бері келе жатқан тасқа басылған жазбаның өшпейтініндей, қағазға қатталған тарихтың бола­шағы өміршең. Бұл жерде біз әрбір үйге жететін  газет-журналдың өз  оқырманы  барын айтып отырмыз. Соның қатарыңда  өзіңіздің  сүйікті  басылымыңыз – «Халық»  газеті  де  барына еш шүбә жоқ. Әрине,    20 жылдан аса уақыт бойы жансерігіңізге айналған үнжарияңызды қандай қиындыққа қарамастан қолдап келесіз. Қолдау дегенде, жыл сайын әмияныңыздан ақша шығарып, арнайы жазылып, үйіңізге алып отырғаныңызды айтамыз. Сол үрдіс алдағы уақытта  да  үзілмейді  деген  үміттеміз.

Әйтсе де, өзіңізге айтар сөзіміз бар. Бүгінде мың құбылған баға саясаты бізді де тығырыққа тіреп отыр. Біз де өзге қыз­меттерге тәуелдіміз, яғни баспахана қыз­меті, газеттерді тасымалдау қызметі, жанар-жағармай, электр энергиясы мен ауызсудың, газет қағазы мен түрлі техника­лық (бояу, пленка, т.б.) тауарлар бағасы жыл санап өсті. Ал, «Халық» газетіне жазылу бағасы 2016 жылдан бері 1 жылға 5000 (бес мың) теңге күйінде тұр. Алдағы қаржылық қиындықтар мен президент тапсырмасымен ең төменгі жалақы мөлшері 60000 теңге болуына орай 2022 жылға баспасөзге жазылу барысында «Халық» газетін­ің жазылу құнын оқырманның қалтасын да ойлай келе, аз-кем баға қосып, көбейтуге  амалсыздан  барып  отырмыз.

Ардақты ағайын,

«Халық» газетіне жазылу құны 2022 жылдан бастап 

1 жылға – 6000 теңге, 6 айға  3000 теңге болып  бекітілді.

Адам  баласы  әрбір  күннен  үмітті. Біз  де, 20  жылдан   аса  уақыт  бойы  сергек  ойы­мен, оттылығымен, тілінің өткір­лігімен қоғамның болмыс-бітімін елеп-екшеп отырған «Халық» газеті де алдағы күннен үміт күтіп, шынайы оқыр­маны – қара­пайым халыққа арқа сүйеп келеміз. Сол үміт отын үрлеуде шындық алауын шырағдан етіп ұстаған басылымыңыздан қол үзбейді, бізбен бірге болады деп сенеміз. «Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды». Мұны ұлы Абай айтады. Демек, ешкімге ұқсамайтын халықтың болашақтан да үміті зор. Ендеше, үміт оты өшпесін!

Айта кетейік, «Халық» газетіне жазылу биылдан бастап өзімізде, яғни «Халық» газе­ті» ЖШС арқылы жүргізіліп келеді. Басы­лым  құны  жекеге  де, мекемеге де бірдей.

«Халық» газеті» ЖШС

Қызылорда қаласы,

Сұлтан Бейбарыс көшесі, 4А

БСН 010240004526

ҚҚС сериясы 33001

ҚҚС нөмірі 0003379

БСК: HSBKKZKX

ЖСК: KZ756017201000002074

«Қазақстан Халық банкі» АҚ

тел. 401110 (1051)

эл. пошта: syr_media@bk.ru

                    halyk-gazeti@mail.ru

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: