Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақау анықталды

03.06.2021, 9:20 275

Жазылған  жайтқа  жауап

«Халық» газетінде (№21, 27.05.2021ж) қаладағы «Шұғыла» шағын ауданының бір топ тұрғыны көпқабатты үй өжіресіндегі кәріз жүйесінің жүйесіздігінен шаршағанын айтып, шаққан мұңы «Әкім ауысқалы жағдай қайта нашарлады» тақырыбымен жарияланған болатын. Бұл мәселеге тиісті орындар мән беріп, жазылған жайтқа жауап беріпті.

«Қызылорда су жүйесі» МКК мамандарымен «Шұғыла» мөлтек ауданы №7а, 6а, 1а үй тұрғындарының өтінішіне орай көрсетілген аумақта орналасқан кәріз жүйесіне тексеру жұмыстары жүргізілген болатын. Тексеру нәтижелеріне сәйкес аталған тұрғын үйлерде ақау анықталды. Ақауды жою мақсатында кәсіпорын мамандарымен кәріз жүйесін тазалау жұмыстары жүргізілді. Алайда арнайы техниканың көмегімен профилактикалық жұмыстар жүргізуді жобалап, оларға арнайы техника жөндеуден өткен соң, он күннің ішінде бұл жұмыстар жүргізілетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: