Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол берілмейді

04.08.2022, 17:00 245

Бүгін аймақтың басты медиа алаңында өткен брифингте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы сала мамандары баяндама жасады. Брифингте облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Фердоуси Қожабергенов бағаның шекті мөлшерден асып кетпеуі қатаң қадағалануда және жағдайды толық бақылауға алу үшін сауда нысандарына апта сайын мониторинг жүргізіліп жатқанын айтты.

– Жыл басынан бері 32 сауда нысанындағы азық-түлік бағаларына қатысты тұрғындардан арыз-шағым түсті. Оның 20 сауда орнына тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде 13-іне әкімшілік шара қолданылды. Бұдан бөлек, азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссия құрылып, баға белгілеу тізбегінің 5533 қатысушысы анықталды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментімен өнімді сатудың барлық делдалдық схемасы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жүргізілген талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарға тиісті әкімшілік шаралар қабылданатын болады, – деді Фердоуси Әбілқасымұлы.

Айта кетейік, аталмыш мәселе облыс әкімдігінің тікелей бақылауында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: